Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған құс шаруашылығын ашты

Қызылордада сотталған құс шаруашылығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация есебіндегі азамат құс шаруашылығын ашып, өз кәсібін дамытуда. Сотталған қайтарымсыз гранқа қол жеткізу үшін “Кәсіпкерлік негіздері” курсын тәмамдап, сол бойынша өзінің бизнес жоспарын құрып, ол жобасы комиссия тарапынан қолдау тауып, 583 400 теңге қаражатқа қол жеткізді. Осылайша жазасын өтеуші қазіргі таңда құс шаруашылығын дөңгелетіп отыр.

– 2019 жылдан бері пробация есебінің бақылауындамын. Ондағы қызметкерлер тарапынан бізге үнемі әлеуметтік-психологиялық көмек түрлері көрсетіледі. Жұмыс жасап, тұрмысын түзеймін деген жандарға мемлекет тарапынан көптеген мүмкіндіктер берілуде. Жеке кәсібімді ашсам деген ұсынысымды пробация қызметкерлеріне жеткізгенмін, солардың қолдауымен мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алдым. Ойлана келе, тауық асырауға тоқталдым. Өйткені мамандығыма сай келеді. Пробация қызметкерлеріне алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.

Жалпы, Қызылорда қалалық пробация есебінде тұрған төрт азамат кәсіпкерлік негіздерінде білімдерін жетілдірген. Оның ішінде екі сотталған курсты толық аяқтап, біреуі ағылшын тілін оқыту орталығын ашты. Ал екінші азамат бизнес жоспарын дайындауда. Жазасын өтеушілерге көрсетілетін мұндай қолдаулар олардың кәсібін дамытып, қоғамға тез бейімделуіне, түзелу жолына түсуіне ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру