Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада су айдындарында рейд өтті

Қызылордалық полицейлер мен құтқарушылар су айдындарында профилактикалық рейдтер өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда назар аударатын мәселелердің бірі – үш жазғы айға созылатын шомылу маусымы, адамдардың су айдындарында демалу кезінде оқиғалардың ең үлкен қаупі бар. Су объектілерінде адамдардың қаза болуының негізгі себебі-жабдықталмаған жерлерде шомылу, суда болу немесе су айдындарында алкогольдік масаң күйде демалу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру.
Бүгінгі күні суда адам өлімінің 30 фактісі тіркелген, оның ішінде 11 кәмелетке толмағандар.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізді.

Рейдтік түсіндірме жұмыстар Сабалақ, Ягодка, ПМК-29, Қараөзек, Талсуат, Пищевик, Дружба, Строительная және т.б. саяжай алқаптарында жүргізілді, сол жерлерде азаматтарға брошюралар таратылды.

Сондықтан, тұрғындардан суға түспеуге, су жағалауларында ішімдік ішпеуге және балаларды қараусыз қалдырмауын сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру