Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Қызылордада велосипед ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының “102” жедел арнасына қала тұрғыны ұрлық туралы хабарлама берді.

5 қараша күні сағат 12:00-13:00 шамасында белгісіз біреу дүкен алдында тұрған сұр түсті Фон Х үлгісіндегі құны 55 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде басқарманың криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері “ізін суытпай” күдіктіні анықтады. Күдікті ұрланған мүлікті иесіне қайтарып берді.

Аталған дерек, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру