Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жедел басқару орталығының “102” арнасына мыңнан астам хабарлама келіп түсті

Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығында полицейлер тәулік бойы үздіксіз жұмыстарын атқарып келеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады. Бір аптада “102” арнасына 1051 хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының көмегімен 794 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) 295 жүргізуші, 591-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы) 45 жүргізуші, 596-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) –5, 600-бабының 1-бөлігімен (Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау) 58 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 20 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 15 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.

– Біздің орталық өз жұмысын ешқашан кідірткен емес. Қызылорда қаласы тұрғындарының тыныш ұйқысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өз жұмысымызды одан әрі де жалғастыра береміз деп сеніммен айта аламын, – дейді Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бастығы Берікбол Еримбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру