Қызылордада жоғалған жасөспірімдер табылды
Қызылордалық полицейлер жоғалған балаларды 3 сағат ішінде тауып, анасына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазан күні сағат 23:20 шамасында Қызылорда қаласы Тасбөгет полиция бөліміне Махамбет ауылы тұрғынынан кәмелетке толмаған 13 және 11 жастағы екі баласы ойнауға шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама түскен.
Жоғалған балаларды іздеу үшін барлық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Полицейлер жоғалған балаларды 3 сағат іздеп, нәтижесінде балалар аман-есен үйіне оралды.
Бүгінгі таңда балалармен және олардың ата-анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.