Қызылордалық полицейлер біреудің сиырын сойып алып кеткен ұрыны ұстады
Қызылордада мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 қазан күні Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылының тұрғыны өрісте жайылып жүрген сиырының шілде айында жоғалып кетіп, күні бүгінге дейін табылмағаны туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан полицейлері мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұрланған сиырды сойып, сатып жібергенін мойындады, сондай-ақ ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.