Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында еріктілер марапатталды

Қызылордалық полицейлер жоғалған жасөспірімді іздеуге атсалысқан еріктілерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жыл елімізде “Еріктілер жылы” деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

Қоғамдық тәртіпті қадағалау кезіндегі белсенділердің ауқымды істерінің тәртіп сақшыларына көмегі зор.

Мәселен, 26 қазанда Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірігіп жоғалған жасөспірімді 12 сағатта іздеп тапты.

Қазалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Сәбит Арынов жасөспірімді іздестіру жұмыстарына қатысқан еріктілер – Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев және кент тұрғындары Дастан Кенже мен Қайыржан Сугуровті  марапаттады.

– Еріктілермен бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бала аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды. Күні-түні полиция қызметкерлерімен бірге іздестіру жұмыстарын жүргізген ауданымыздың еріктілері өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетті. Оларға алғысымыз шексіз, – деді бөлім бастығы Сәбит Арынов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру