Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер біреудің сиырын сойып алып кеткен ұрыны ұстады

Қызылордада мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан күні Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылының тұрғыны өрісте жайылып жүрген сиырының шілде айында жоғалып кетіп,  күні бүгінге дейін табылмағаны туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан полицейлері мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен Қызылорда қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұрланған сиырды сойып, сатып жібергенін мойындады, сондай-ақ ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру