Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

Жалағаш аудандық білім бөлімінің «Жалағаш ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекесінде түзету сабақтарын алып жүрген 40 бүлдіршіннің жаңа жыл шыршасы аталып өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған Жаңа жыл шыршасына Жалағаш ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Нұрлан Ағаділов қолдауымен, бөлім бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция майоры Абзал Сералиев, полиция бөлімнің ардагері Болат Нұржанов және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысып, тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Ертеңгілікке қатысушы ерекше қамқорлыққа зәру балаларға арналған сыйлықтар табыс етіліп, бүлдіршіндерге жақсы көңіл күй сыйланды.
Жаңа жыл шыршасы ертегілік қойылымдар мен концерттік бағдарламалармен жалғасты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру