Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мұқтаж жандарға көмек көрсетті

Қызылордалық полицейлер мұқтаж жандарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні Арал ауданының полиция бөлімінің қоғамдық құрылымы Полицейлер кеңесінің мүшелері Арал қаласындағы тұрмысы төмен, көп балалы тұрғындардың үйлеріне арнайы барып, азық-түлікпен қайырымдылық көмек берді.

Көп балалы аналар көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне үлкен ризашылықтары мен ізгі тілектерін білдірді.

– Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, сондай-ақ тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға көмек беруді естен шығармайды, – деп атап өтті бөлім бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары Айгүл Байоразова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру