Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

19 жастағы жігіт Семей тұрғынынан ақша мен көлік кілтін ұрлап кетті

19 жастағы жігіт Семей тұрғынынан ақша мен көлік кілтін ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қ. ПБ Орталық ПБ-не қаланың 28 жастағы тұрғыны белгісіз адамның оның ас үйдегі шкафынан 140 мың теңге сомасындағы ақша қаражаты мен Lexus автомобилінің кілтін ұрлағаны туралы арызымен жүгінді. Келтірілген материалдық шығын көлемін 140 мың теңге бағалаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері “ізін суытпай” 19 жастағы жігітті анықтап, жеткізді. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, ұрланған мүлікті қайтарып берді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру