Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер: облыс тұрғындарына ескертуде

Жарықтандыру приборларын ережеге сай қолданбаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 12 айында әкімшілік заңнамаға сәйкес жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында көлiк құралдары конструкциясының ереже талаптарына сәйкес келмеген 822 жүргізушіге және 2020 жылдың 1 айында -76 жүргізушіге әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кететін жәйт, «LED және Ксенон» сыртқы жарықтандыру приборлары  Үкіметтің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген, көлік құралдарын бекіту туралы негізгі ережелерінің 3.1-қосымшасына сәйкес, сыртқы жарықтандыру приборларының саны, түрi, түсi, орналасуы мен жұмыс режимi көлiк құралдары конструкциясының талаптарына сәйкес келмеген жағдайды көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, егер жарық модулінің жарық сәулесінің өту аймағындағы диффузордың жарықтандыратын беті жарық шоғырының қалыптасуына қатысатын оптикалық элементтер болса, қалыпты жарық модульдерін орнату рұқсат етілмейді.

Бұдан басқа, «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен (4-қосымшаның 1.3-тармағы) әрбір аспаптың сәулеленуінің түсі қатаң регламенттелген.

Ескертпе:

Көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 590-бабының 7- бөлігімен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру