Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Аялдамалардың бірінде адасып қалған бала табылды

Шымкентік патрульдік полиция инспекторлары жоғалған баланы тауып,
анасына қайтарды,-деп хабаралайды Polisia.kz тілшісі.
Патрульдік полиция полкінің 7-рота 942-экипажының қызметкерлері
Шымкент қалалық Полиция департаменті ЖБО-ның жедел кезекшісінен баланың жоғалғаны туралы хабар алады. Жедел-іздестіруге кірісіп, нәтижесінде оны қалалық жолаушылар автобустарының бірінен тауып, анасына қайтарды.
https://youtu.be/O4RGS250XBY
Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, ағымдағы жылдың 5-ақпаныңда қалалық аялдамалардың бірінде баласы басқа автобусқа
отырғандығын байқамай қалған. Содан кейін анасы аялдамада іздеп,
бірақ нәтиже шықпағандықтан дереу полицияға жүгініп, болған жағдай туралы
хабарлаған.
Өз кезегінде ана полицияға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлері ата-аналарға қырағылық танытып, өз балаларына
аса көңіл бөлуді және оларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру