Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәлемдемедегі миллион теңге-интернет-алаяқтықтың жаңа түрі

Қостанай облысында интернет-алаяқтың арбауына түсіп қалған тұрғынның ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайда алаяқтықтың тағы бір түрі пайда болды. Қостанай облысының полиция департаментінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Бірінші басшы Бекет Аймағамбетовке бес азамат жүгінді.

Олардың арасында интернет-алаяқтықтың құрбаны болған облыс орталығының тұрғыны бар.Өткен жылдың қазан айында әйел,өзін солай таныстырған,Ұлыбритания тұрғынымен фейсбук әлеуметтік желісінде дос болды.

Ол қарым – қатынаста өзінің өмірлік тарихын айтып берді: күйеуі қайтыс болған, ол табысты бизнесмен-миллионер болыпты.Жолдасы-Қазақстанның тумасы, бірақ көп жылдар бойы шетелде өмір сүрген. Әйел жұбайы қайтыс болғаннан кейін қатты ауырып қалғанын айтты. Қайтыс болған күйеуінің соңғы тілегін орындау үшін аз уақыт қалған. Ал оның соңғы тілегі қазақстандық балаларға көмектесу болыпты.Отбасында бала жоқ. Ер адам балалар үйіне миллион доллар бөлмек болған. Бұл оқиға оқиғаны көңіліне алған қостанай тұрғыны, оларға көмектесуді шешкен.Одан әрі хат алмасуда оның интернет-құрбысы миллион долларды қолма-қол аудару үшін елеулі комиссияны төлеу қажет екенін хабарлады.Сондықтан, балаларға тиесілі ақшаның жартысы комиссияға кетпесін деп, бандерольге жіберуді ұсынады.

Жоспар қарапайым болды: бандероль белгіленген жерге келеді және оны алып кету керек. Шынында да, екі күннен кейін әйелге шетелдік нөмірден қоңырау шалып, миллион мемлекетке жақын екенін хабарлайды.Алайда, одан әрі жіберу үшін 800 еуро төлеу керек болған. Уақыт өте келе сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама үшін тағы 5 мың доллар қажет деп хабарласады. Нәтижесінде, әйел алаяқтарға 2,5 миллион теңге аударған. Үшінші тағы ақша жіберу туралы өтінішті ол полицияға хабарлаған.Бірақ фейсбуктегі құрбысы оны әлеуметтік желіден бұғаттап, шетелдік нөмірін өшіріп тастаған.

Осы факті мақсатында полиция аса ірі көлемде “Алаяқтық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Қазіргі уақытта іс бойынша төлем алушыны тексеру үшін банктерге сұраныс жасалды.

– Тергеу түрлі банктерге, соның ішінде халықаралық төлем жүйесі Western Union-ға сұрау салуымен қиындауда. Осындай қылмыстарды ашумен айналысатын арнайы тергеу тобы жұмыс істейді. Өткен жылы 77 интернет – алаяқтық ашылды, – деп атап өтті Қостанай облысы Полиция департаменті бастығы.

Полиция алаяқтардың іс-әрекеттері күн санап жаңа этапқа ауысып жатқандығын алға тартты. Әдетте, олардың барлығы бір механизмге азаматтардың сенімділігіне негізделеді.

Облыстың бас полицейі атап өткендей, бейтаныс адамдарға ақша аудару және жеке деректерін хабарлау туралы өтініштерге мұқият қарау қажет.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу жұмыстары кешені жүргізілуде.

Өткен жылы полиция департаментінің бастығы 500-ден астам азаматты түрлі сұрақтармен қабылдады. Қабылдау полиция фронт-кеңселерінде, “Nur Otan”партиясының филиалдарында жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Тажикеев Ерлан :

    Тура осы жагдаймен менде алдандым,комектесыныздершы,Алматы каласы
    87087111639

Жауап қалдыру