Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауруханаға пышақ жарақатын алған 2-курс студенті жеткізілді

Бүгін Ақтөбе қалалық ауруханаcына пышақ жарақатын алған колледж студенті жеткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
7-ақпанда сағат 10: 00-де Ақтөбе қалалық ЖЖА-ға пышақ жарақаттарын
алған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті колледжінің 2-курс студенті жеткізілді.
Ақтөбе қалалық полиция басқармасының №1 полиция бөлімшесімен Қылмыстық кодекстің 24-3, 99-бабының 2-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Аталған қылмысты жасады деген күдікпен аталған оқу орнының 2-курс
студенті ұсталды.
Қылмыс құралы-пышақ алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру