Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мал ұрлыған күдікті 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Мал ұрлығы үшін Ақтөбе облысы  Шалқар ауданының тұрғыны ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

 

2020 жылдын 21 қаңтарынан бастап бірқатар қылмыстардың жаңа жазалау шаралары күшіне енді. Мәселен, Қылмыстық кодекске “Мал ұрлығы” үшін жауапкершілікті белгілейтін және күшейтетін жаңа бап енгізілді. Бұған дейін мал ұрлағаны үшін кінәлі тұлғалар 188-бап (Ұрлық) бойынша жауапты болған, енді мал ұрлығы үшін 3000 АЕК (7,9 миллион теңгеге дейін) немесе мүлкін тәркілеумен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұған дейін ұрлық фактісі бойынша 1000 АЕК (2,6 миллион теңгеге дейін) дейін айыппұл салынған немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын. Бірнеше рет мал ұрлығы ауыр қылмыс деп танылып, жәбірленушімен татуласу жолымен жауапкершіліктен кету мүмкіндігі жоққа шығарылды. Сондай-ақ, қылмыскер 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Енді қылмыстық топ болып жасаған ірі мөлшердегі мал ұрлығы үшін жәбірленушімен татуласпай мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бұрын мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Шалқар ауданының тұрғыны да жаңа заңнама бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

6-ақпан күні түнде Шалқар қаласынан 4 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалығының қорасынан жасырын түрде 3 бас қойды ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері ізін суытпай, жедел іс-шаралар жүргізу барысында таңғы уақытта 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті ұрланған қойларды автокөлігімен танысына алып келген, қорадан қойлар табылып, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1 бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру