Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жолдарды уақытында тазартпағаны үшін айыппұл салынды

Жолдардың жәй-күйіне жауапты лауазымды тұлғаға 1 миллионнан астам айыппұл салынды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, жолдарда көлік құралдарының қауіпсіз
және кедергісіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында Әкімшілік полиция басқармасы жол және техникалық инспекциясы бөлімі қызметкерлері ағымдағы жылы қаңтар айында жолдарға 4450 км қамтумен 302 тексеру жұмыстарын жүргізді.
Тексерулер қорытындысы бойынша, анықталған кемшіліктерді жоюға 281
ұйғарым берілді.
Жолдарды уақытында тазартпағаны үшін, жолдардың жәй-күйіне жауапты 42
лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 1 миллион 378 мың 520 теңге айыппұл салынды.
Жолдарды күтіп ұстау жағдайы Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлерінің әрдайым бақылауында.
Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.