Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгілі боксшы департаменттің жеке құрамымен кездесті

Белгілі қазақстандық боксшы Иван Дычко Қостанай облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Спортшы өз салаңда табысқа қалай жетуге болатынын айтты. Адамның немен айналысқаны маңызды емес, ісіңді жүрекпен сезіну,сүю маңызды, – деп санайды И. Дычко.

– Мен залға 15 жасымда келдім. Содан бері мен үшін бұл жұмыс емес, ең сүйікті ісім, – деді спортшы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері, чемпионаттардың үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, әуесқойлардағы Азия ойындарының вице-чемпионы… Шын мәнінде Иван Дычконың жеңіске жету тарихы көптеген қазақстандықтар үшін, полицейлер үшін үлгі.

Қазір Иван кәсіпқойлық бағытқа көшуде.Спорттық мансабының тағы бір жаңа кезеңі басталды. Соңғы екі жылда спортшы тоғыз жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.

Жақын арада боксшы арнайы бөлімшелердің қызметкерлеріне шеберлік сыныбын өткізеді. Полиция қызметкерлері карьераның қалай басталғандығы және табысқа жету жолындағы қиыншылықтар туралы сұрақтар қойды.

– Менің алғашқы бапкерім мені көрген кезде: қандай жақсы материал! “- деген болатын. Егер сіз биіктікті көздесеңіз, қиындықтарға да дайын болуыңыз керек. Бұл спорт ,бұл денсаулық, бұл отбасының қолдауы. Әрқашан өз мақсатыңа жету керек. 2015 жылы Геннадий Головкинмен сөйлестім. Менің Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиадаға дайындалып жатқан кезім. Осы уақытта түрлі елдерден кәсіпқойлыққа көшу туралы бірнеше ұсыныс келіп түсті. Қазір шешім қабылдайтын уақыт деп ойладым. Достарыммен, ең алдымен, боксшы Серік Сәпиевпен ақылдасуға бел будым. Ол бұл туралы Геннадиймен сөйлескен жөн деп жауап берді. Ол маған қоңырау шалып, перспективалар маңызды емес екенін айтты. Егер кәсібилікке дайын болсаң – дәлелде, мақсатыңа жетер жолда ештеңеден тайынба деген, – деді И. Дычко.

Қазіргі боксшының мақсаты туралы сұрақ қойылған кезде,ол- “әлем чемпионы болу” деп жауап берді.

– Мен үшін бұл кездесу өте маңызды болды. Спортта, мансабымда табысқа жетуге үлкен мотивация берді,- дейді полиция аға лейтенанты, қоян – қолтық ұрыстан спорт шебері, “жекпе-жек” халықаралық дәрежедегі спорт шебері және жауынгерлік самбодан спорт шеберіне үміткер Аманбек Жаманқараев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру