Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақсылыққа жаны құмар азаматтардың бұл бірінші қайырымдылық шарасы емес.

– Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі. Дегенмен барлық шұғыл қызметтер, соның ішінде полиция қызметкерлері демалыс күндерін азаматтардың қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жұмыста өткізеді. Осындай қиын кезде қолда барымен бөлісу, мұқтаж адамдарға қолдау көрсету – нағыз адамгершіліктің белгісі деп білемін, – деді Полиция басқармасы бастығының орынбасары Сәкен Бөрібаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру