Қызылордалық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан ІІМ чемпионатында алтын иеленді
Қызылордалық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан ІІМ чемпионатында алтын иеленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласында 17-19 тамыз күндері қоян-қолтық жекпе-жектен ҚР ІІМ-нің чемпионаты өтті. Бұл сайысқа бүкіл өңірден келген 300-ден астам спортшыдан құралған 33 команда қатысты.
Жарыс тартысқа толы өтті. Себебі сайысқа кіл мықтылар іріктеліп алынып, жоғары деңгейде өнерлерін ортаға салды. Спорттық додада Қызылорда облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының взвод командирі Асқар Қонқабаев жетекші болып барды.
80 келі салмақ дәрежесінде Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Нұршат Аманқосов сынға түсті. Жарыс барысында бес кездесу өткізіліп, барлығын айқын жеңіспен аяқтап, алтыннан алқа алып, үздік спортшы атанды.
Одан бөлек 88 келі салмақта өнер көрсеткен Қызылорда облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Нұрбол Сқақов әріптесінің жетістігін қайталап, Қазақстан кубогын жеңіп алды.