Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тәркіленген қаруды қалай жойып жатқанын көрсетті

Қызылордалық полицейлер тәркіленген қаруды қалай жойып жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық  полицейлер өз еркімен тапсырылған және табылған қаруларды, сондай-ақ азаматтардан айналымнан алынған оқ-дәрілер мен суық қаруларды қалай жоятындарын көрсетті. Арнайы техникалық комиссия құрылған, оның құрамына Қызылорда облысы полиция департаментінің мамандары кірді.

Полиция департаменті тәркіленген, табылған және ерікті түрде тапсырылған 238 қаруды, оның ішінде 236 тегіс ұңғылы, 2 газ және травматикалық қаруды қабылдады. Жойылуға жататын қаруларға жарамсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 204 қару Әскери және арнайы жабдықтау базасына өткізілді.

Онда ағаш және пластикалық бөліктерді  өртеп, қалған бөліктері  балқытуға жіберіледі.


Айта кету керек, заңсыз айналымнан алынған атыс қаруын жою тоғызыншы рет жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні полиция қызметкерлері бекітілген тәртіпке сәйкес қалған 204 бірлікті  жойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру