Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жүргізушіден шолақ мылтық пен бірнеше оқ тәркіледі

Түркістандық полицейлер жүргізушіден шолақ мылтық пен бірнеше оқ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасына атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі бойынша жедел ақпарат келіп түсті.
Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Жедел уәкілдер күдікті мен Daewoo Nexia автокөлігін тінту кезінде, қос ұңғылы шолақ мылтық пен 3 оқ тапты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді.
Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру