Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ұрланған велосипедті иесіне қайтарды

Қызылордалық полицейлер ұрланған велосипедті иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел арасында алғыс арқалаған полицейлердің қатарында шек жоқ. Олай деуімізге себеп, олар қызмет көрсеткен қандай да бір тұрғын болсын тек алғысын айтып, жұмысына көңілдері толып қайтады.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қала аумағында орналасқан мешіттің ауласында тұрған қызыл түсті Урал велосипедін ұрлап кеткен ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.

Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұрланған велосипедті ұрлаған қала тұрғыны ұсталды. Жәбірленушіге велосипеді қайтарылып, ол басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру