Қызылордалық полицейлер «Үздік серіктес» байқауын өткізді
Қызылорда облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік серіктес» байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Байқаудың негізгі мақсаты- үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу, проблемалық сұрақтарды талқылап, әріптестіктің тиімділігін арттыру, ұсыныстар әзірлеп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, құқықтық сананы арттыру, профилактикалық жұмыстарды күшейту, еріктілер мен тілшілердің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасын насихаттау болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына профилактикалық жұмыстар жүргізуге қосқан үлестері үшін Полиция департаментінің «Үздік серіктес» грамоталарымен «Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы Жандос Тұсмағамбетов, «Қызылорда еріктілері» штабының жетекшісі Ольга Чебакова марапатталды.
Әріптестіктің тиімділігін арттыру мақсатында байқауға белсенді қатысқандары үшін «Жан» дағдарыс орталығының директоры Салтанат Сыздықоваға, «Ана үйі» қоғамдық қорының үйлестірушісі Дина Жусупбаеваға, бұқаралық ақпарат құралдарындағы белсенді жарияланымдары үшін «Хабар 24» республикалық телеарнасының журналисі Қамбар Бекеновке, «Қоғам ТВ» жергілікті телеарнасының шеф-редакторы Баян Құлтановаға, сондай-ақ Қазалы АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Сауле Бишековаға алғыс жарияланды.