Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ведомстволық емхананың медицина қызметкерлерін құттықтады

Қызылордалық полицейлер ведомстволық емхананың медицина қызметкерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 маусымда Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы мен ІІО Ардагерлер кеңесі дәрігер-әріптестерін кәсіби мерекелері – Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. Тәртіп сақшылары медицина қызметкерлері күні қарсаңында емхана қызметкерлеріне тынымсыз еңбектері үшін үшін алғыс білдірді.

Емхананың дәрігер-терапевті Райкүл Сейтенова, хирургы Мұхтар Туйгунов, дәрігер-бактериологі Гульнара Ахметова, аяжаны Раушан Түлкібаева грамоталармен, емхананың аяжаны Айгүл Бакеева, лаборанты Айгерим Жаппасбаева алғыс хаттармен марапатталды. Барлығы 12 медицина қызметкері марапатталды.

Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтай отырып, Полиция департаменті бастығының орынбасары Амиржан Утегенов дәрігерлер мен медбикелердің ауыр еңбегін атап өтіп, оларға мықты денсаулық, амандық, бақыт және барлық бастамаларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру