Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорданың тергеу изоляторына сабын ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды

Қызылорданың тергеу изоляторына сабын ішіне телефон жасырып өткізбек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамыр күні сағат 09:15 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінің №1 бақылап-өткізу бөлімінің рентген аппараты арқылы сырттан келген азаматшаның сөмкесін тексеру барысында күдікті зат бар екені байқалды. Аппаратты басқарып тұрған бақылаушы Жампоз Ғалымжан құқық бұзушылыққа жол бермеді.

Бекет бақылаушылары лезде РжКБ қызметкерлерін шақырып, әкелінген сәлем-сауқат арасынан кір сабынға жасырылған Nokia mini телефоны мен үш SIM-карта табылды. Заңға қарсы іс- әрекетке бармақ болған күдікті 19 жастағы азаматша екені анықталды. Бұл жас қыз ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен айыпталып, мекеме қамауында отырған 21 жастағы Д. есімді азаматтың қарындасы болып шықты.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру