Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда жеке күзет ұрлықтың жолын кесті

 Рудныйда жеке күзет ұрлықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қостанай облысындағы күзет қызметкерлері құрылыс материалдарын ұрламақ болған күдіктіні жедел ұстады.

14 қарашада Рудный қаласында күзет пультіне кәсіпорындардың бірінде дабыл түймесінің іске қосылғаны туралы белгі түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына күзет экипажы жетті.

Қызметкерлер Қажымұханбет Рысмағамбетов пен Орал Яхин ғимараттың екінші қабатында сынған терезені байқады. Құрылыс дүкенінің аумағын тексергеннен кейін, күзет қоймадан қораптардың арасына тығылған ер адамды тапты. Белгісіз адам ұсталды.

39 жасар рудныйлықтың құрылыс материалдарын ұрламақ болғаны анықталды. Оқиға орнына полиция келді. Тергеу басталды. Қостанай облысы ПД күзет қызметін бақылау бөлімінде хабарлағандай, жыл басынан бері өңірдегі күзет құрылымдары күзетілетін нысандардан бөтеннің мүлкін ұрламақ болған 41 күдіктіні “ізін суытпай” ұстаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру