Сайрам ауылында болған жастар арасындағы төбелес адам шығынымен аяқталды
Қаратау ауданында төбелес болып, 1 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 тамыз күні Қаратау ауданы Сайрам ауылында жастар арасында туындаған төбелес салдарынан екі адам пышақ жарақатын алған.
Салдарынан бір адам қайтыс болып, екіншісі ауруханаға жеткізілген.
Осы аталған жайт бойынша ҚР ҚК 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жедел- іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді.