Кеспенің ішіндегі ұялы телефонды мекемеге кіргізбек болды
Елордалық тұрғын Ақмола колониясындағы досына кеспеге ұялы телефон салып, сәлемдемемен кіргізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан тұрғыны, ауыр қылмысы үшін Ақмола облысының ҚАЖД мекемесінде жазасын өтеп жатқан досына, ұялы телефоны мен екі sim-картаны тез дайындалатын кеспенің ішіне сәлемдеме ретінде салып жіберген.
Бандерольді рентгеноскопиялық сканер арқылы тексеру кезінде тексеру тобының қызметкерлері тез дайындалатын кеспесі бар буманы байқады, Ашылғаннан кейін құрамы, бір қарағанда, түпнұсқаға, яғни кеспенің өзіне толық сәйкес келді. Кеспенің жұмсақ қаптамасы, сыртқы зауыттық жарамдылық мерзімі, бүгілмеген, таза сыртқы бейнесі.
Қаптаманы ашқанда ұялы телефон көзге түсті, ал тұздықтар мен дәмдеуіштері бар кішкене сөмкешелерде sim-карталар болды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Биылғы жылы тыйым салынған заттарды облыс колониясына кіргізудің бес әрекеті тіркелді. Әрбір факті бойынша сот әкімшілік шешім қабылдады.