Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Авариялық-қауіпті учаскелерде жарқылдауық маягі бар автомашиналардың муляждары орнатылды

Жарқылдауық маягі бар автомашиналардың муляждары Ақмола облысындағы автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, өңірдегі жолдарда жарақаттану мен өлім-жітім деңгейін төмендету мақсатында Полиция департаменті тұрақты негізде жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға, оның ішінде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға тексеру жүргізеді.

Мәселен, 2020 жылдың 10 айында Әкімшілік полиция жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп 1 884 тексеру жүргізді. Оның ішінде: халықаралық маңызы бар тасжолдарда 52, республикалық маңызы бар тасжолдарда – 224, облыстық маңызы бар тасжолдарда – 248, аудандық маңызы бар тасжолдарда – 253, шаруашылық маңызы бар тасжолдарда – 15 және көше-жол желілерінде – 1 092 тексеру жүргізіледі.
Сонымен қатар 14 586 шақырым жол қамтылды.
Автожолдарды, жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын және инженерлік құрылыстарды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін тексеру нәтижесінде полиция қызметкерлері жол-коммуналдық ұйымдардың лауазымды адамдарына 145 әкімшілік материал жасады.
Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында, оның себептерінің бірі жылдамдық режимін бұзу болып табылатынын айта кету керек, облыс Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ-мен бірлесіп, автомобиль жолдарының авариялық-қауіпті учаскелерінде жарқылдауық маягі бар машиналардың бес дана тасымалданатын макетін орнатты, оның ішінде екі бірлік “Нұр-Сұлтан-Петропавл” автожолында орнатылды. Сонымен қатар бұл жолда тік бұрылыстарда жарықдиодты жыпылықтайтын катафоттар орнатылған.

Полиция қызметкерлерінің бұл бағыттағы жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру