Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері есірткі қолданған күдіктіні анықтады

Сарыағаш полицейлері есірткі қолданған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полицейлері рейдтік іс-шара жүргізу кезінде базар маңынан жүрісі күдік тудырған тұрғынды байқайды. Полицейлер тексеру барысында күдікті ер адамның шалбарының қалтасынан екі дана есірткіге ұқсас затты тапты. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік көкнәр болып шықты.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру