Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде ұсталды

Тұрар Рысқұлов ауданында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 мамыр күні Тұрар Рысқұлов АПБ қызметкерлері Құлан ауылы көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған Lexus ES 300 автокөлігін тоқтатқан.

Көлік жүргізушісімен сөйлесу барысында оның масаң күйде екендігі байқалған.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші “орташа” дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды.

Сонымен қатар жүргізуші 2020 жылдың сәуір айында сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) сотқа дейінгі тергеу-амалдары басталды.

Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру