Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта ІІО-ның тарихи мұрасын сақтау және насихаттау мақсатында семинар өтті

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында “ҚР Ішкі істер органдарының тарихи мұрасын сақтау және насихаттау” тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Семинарға ІІМ-нің қызметкерлері, еліміздің түкпір-түкпірінен келген кадр басқармасының басшылары мен музей қызметкерлері қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық семинардың басты мақсаты – ішкі істер органдары мұражайларының қызметін жандандыру, сол арқылы полиция қызметінің тарихын қалыптастырып, жас қызметкерлердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған. Семинардың ашылуында сөз алған Ұлытау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Ысқақов іс-шараның ІІО қызметінің құрылу тарихымен таныстыру, ішкі істер органының тарихына зерттеу жұмыстарын жандандыру, құнды мұраларымыз бен құндылықтарымызды танымал ету мақсатында ұйымдастырылғандығын атап өтті.

Семинардың екінші күні ұлт ұясы – Ұлытау ауданындағы тарихи ескерткіштерді аралап, көне жәдігерлермен танысудан басталды. Қойнауы тарихқа толы Ұлытау жеріндегі ескі заманнан келе жатқан ескерткіштер, тарихы тасқа жазылған мұралар музей қызметкерлеріне қызығушылығын арттырып, тарихқа көз жүгіртті. Жиын барысында әр өңірден келген қатысушылар өзара пікір алмасып, ІІО музей қызметін одан әрі дамыту, жас қызметкерлерге мол мұра қалдыру бағытында жұмыстарды талқылады.

ҚР Ішкі істер министрлігінің идеологиялық және имидждік жұмыс департаментінің аға инспекторы Айнагүл Жакина семинардың маңыздылығын тілге тиек етті. Мұражайдағы жәдігерлердің сақталуы, қайта қалпына келтіру жұмыстары туралы тәжірбие алмасу мақсатында өткен бас қосуда ІІМ мұражайының меңгерушісі Алмагүл Сатмаганбетова мұражай саласының жетістіктерін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру