Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта телефон тауып алып, есеп шотынан ақша аударып алған екі жігіт анықталды

Сәтбаевта телефон тауып алып, есеп шотынан ақша аударып алған екі жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілдеде 41 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жүгінді. Ол кәмелетке толмаған қызы бірнеше күн бұрын ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтты. Бұл ұялы телефонды біреу тауып алып, банктердің бірінің Интернет-қосымшасы арқылы жәбірленушінің есепшотынан 20 мың теңге алғаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 17 және 18 жастағы екі жігітті ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру