Алматы полициясы пәтер ұрысын ұстады
Алматы полициясы пәтер ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласының Алмалы ауданында сериялық «пәтер ұрысы» ұсталды. Ол пәтерлерге терезелер арқылы кіріп, көбінесе зергерлік бұйымдар мен ақшаны алып кетіп жүрген.
– Қаскүнем көбінесе үйдің адамдары жұмыста болған кезде күндізгі уақытта кіріп жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адамның осыған ұқсас алты заңсыз әрекеттің эпизодына қатыстылығы дәлелденді. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын үш миллионнан астам теңгені құрады. Күдікті ұсталды, ол 29 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Ер адам өз кінәсін мойындады. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі алдын алу шарасы қолданылды. Қосымша қылмыстық эпизодтарды анықтау үшін қажетті шаралар қабылдануда, – деді Алмалы АПБ-ның бастығы Есен Ысқақов.