Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Сауда орталығында жарылғыш құралы бар”: жалған хабар берген атыраулық анықталды

“Сауда орталығында жарылғыш құралы бар” деген жалған хабар берген атыраулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны полицияға қоңырау шалып, “Құлсары” сауда орталығы ішінде жарылғыш зат қойылғанын айтады.

– Полиция қызметкерлері ғимаратты дереу қоршауға алып, оқиға орнына тексеру жүргізді. Нәтижесінде террорлық әрекет туралы ақпараттың жалғандығы анықталып, күдікті көп ұзамай ұсталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталғандай, дүйім жұртты дүрліктірген адам 32 жастағы Құлсары тұрғыны болып шықты. Ол бұрында осындай қылмыстық әрекеті үшін сотты болған. Хабарламаны ішімдік ішкен күйде беріпті. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК 273-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру