Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

20 жастағы павлодарлыққа сыра сатқан дүкен анықталды

Ағымдағы жылдың алты айында Павлодар облысының аумағында мас күйінде жасалған 327 қылмыс тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы санаттағы әрекеттердің 9%-ға төмендеуіне қарамастан, полиция мас күйінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты бақылауда. Сондықтан полицейлер алкоголь өнімдерін сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

– Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін сату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша үнемі іс-шаралар өткізіп тұрады. Жыл басынан бері 108 сауда қызметкері заң талаптарын бұзған. Сауда объектілерінің әрбір иесіне қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу қозғалды. Сонымен қатар жыл басынан бері мас күйінде болған немесе қоғамдық орындарда болған 4,5 мыңнан астам адам анықталды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин.

20 жастағы жігітке алкоголь өнімдерін сатудың тағы бір фактісі Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінде анықталды. Сатушы сатып алушының “ересек көрінісіне” сілтеме жасай отырып, екі банка сыраны сатты. Дүкен иесіне ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Басқа жағдайда сатушы таңғы сағат 10:00-де 45 жастағы ер адамға этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын алкоголь сатты. Дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді сатушының әрекеті үшін дүкен иесі жазаланады.

Тәртіп сақшылары елдің заңнамасына сәйкес, егер этил спиртінің көлемдік үлесі отыз пайыздан асатын сусын болса, оны сатуға сағат 21:00-ден 12:00-ге дейін, егер отыз пайыздан аз болса, сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін тыйым салынғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру