Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саунадан шолақ мылтық табылды

Түркістан облысының полицейлері саунадан шолақ мылтық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыс қаруын қолданумен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтардың тіркелмеген қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау мақсатында Жетісай ауданының полицейлері түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.

Мысалы, кезекті рейд барысында Жетісай қаласындағы сауналардың бірінен Жетісай АПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері тіркелмеген қаруды тапты. Жедел уәкілдер мекемені тінту кезінде күдікті жергілікті тұрғыннан ас бөлмеде сақталған 16 калибрлі шолақ мылтықты тәркіледі.

Полицейлер заттай дәлел ретінде тәркіленген атыс қаруын сот-баллистикалық сараптамаға жіберді. Жігіттің айтуынша, ол шолақ мылтықты серуендеп жүргенде тауып алған. Содан кейін оны өзінде қалдыруды шешкен. Аталған жайт ҚР ҚК 287-бабымен СДТБТ-де (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) тіркелді. Күдікті қолхатта. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің жиналған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Жыл басынан бері Жетісай АПБ-нің полицейлері заңсыз айналымнан тіркелмеген 22 қаруды алып, түрлі құқық бұзушылықтар үшін 78 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Осындай жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу нәтижесінде Жетісай ауданының аумағында атыс қаруын қолданумен бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру