Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тірек пунктер тексерілді

Түркістан облысында тірек пунктер тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қазақстан халқына жолдауында учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру және қолжетімді полиция қағидаты бойынша жұмыстарын атқаруына толықтай тоқталып, полиция қызметіне тұтас реформа жүргізу қажеттілігін айтқан болатын. Осыған байланысты Жергілікті басқарушы орган Арыс ауданы әкімі Мұрат Қадырбек және Арыс ауданы Полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Исабеков екеуі бірлесіп, Арыс ауданы аумағында орналасқан учаскелік полиция тірек пунктерін тексеріп қайтты.

Бұған қоса тірек пунктерге керек-жарақтар тізімін айқындау үшін жылу қазандықтарының бар-жоқтығы, жөндеу жұмыстары мен әлеуметтік желіге шығатын тиісті кабельдер тартылғандығын толықтай қарап шықты. Сонымен қатар жолды бағыттайтын “бағыттауыш таяқшаларын” тағы да басқа жабдықтарын қамтамасыз ету үшін тиісті тізімді істеді. Кездесу барысында аталған жабдықтарға байланысты жақын арада қаржы бөлу туралы шешім қабылдап, тез арада осы жұмыстардың атқарылатындығы туралы мәселе қаралды.

Қоғамдық тынышытықты сақтайтын полиция қызметкерлері алаңсыз жұмыс жасау үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда, алдағы уақытта да жалғаса бермек. Түркістан облысында да бұл жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда. Оған – осындай кездесулер, тексерулер дәлел!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру