Саяжайдағы үйге ұрлыққа түскен қызылордалық тұрғын ұсталды
Саяжайдағы үйге ұрлыққа түскен қызылордалық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 сәуір күні полицияға Қызылорда қаласының 53 жастағы тұрғыны орын алған ұрлық жөнінде хабарлама берді.
Азаматшаның айтуынша, саяжайдағы үйінен белгісіз адамдар темір торды бұзып кіріп, шаруашылық заттарын, үй техникасын және үй ауласын қоршап қойған ұзындығы 140 метр темір тор қоршауларын ұрлап кеткен. Келтірілген залал мөлшері – 272 мың теңге.
Хабарлама түскен соң полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ізін суытпай ұрлыққа түскен күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.