Саяжайдан металл құбырлар мен электрлі су сорғысын ұрлаған ақмолалық ұсталды
Саяжайдан металл құбырлар мен электрлі су сорғысын ұрлаған ақмолалық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылы мезгілдің келуімен жазғы коттедждердегі ұрлық мәселесі өзекті болып қала береді. Қала сыртындағы үйлерге рұқсатсыз кіру саны артып келеді.
Мәселен, Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 72 жастағы тұрғыны ұрлық жасалғаны хабарлаған. 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы сәуір аралығында өтініш берушінің саяжай үйінің аумағынан белгісіз адам металл құбырлар мен электр су сорғысын ұрлап кеткені алдын ала анықталды. Әйел залалдың жалпы сомасын 280 мың теңге мөлшерінде бағалады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ер адам ұрланған мүлікті металл қабылдау пунктіне тапсырған.
Полиция басқармасы бұл деректі ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізді.
Полиция қызметкерлері саяжай учаскелерінің иелеріне кооперативтерде күзетті ұйымдастыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға және саяжай үйлерінде құнды заттар қалдырмауды сұрайды.