Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяжайға ұрлыққа түскен көкшетаулық анықталды

Саяжайға ұрлыққа түскен көкшетаулық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасына бақша учаскесінің иесі жүгінді. Ол 26 ақпаннан 4 наурызға дейін белгісіз тұлға өзіне тиесілі саяжай үйінен мүлікті ұрлап кеткенін хабарлады. Залалдың жалпы сомасы 930 мың теңгені құрады. Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем үй-жайға кіріп, кір жуғыш машинаны, металл ыдыстарды, автомобиль дискілерін, ыдыс-аяқ пен металды ұрлап кеткен. Ұрланған мүліктің бір бөлігі қаскүнемнің тұрғылықты жерінен табылып, тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру