Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандының екі тұрғыны саяжай иелерін тонап келген

Қарағанды қаласындағы саяжайлардың біріне ұрлыққа түскен екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 маусымда Қарағанды қ.ПБ Теміржол полиция бөліміне бірнеше тұрғын хабарласып, белгісіз адамдардың олардың саяжайынан жалпы құны 70 мың теңгеден асатын заттарын қолды қылғандықтары туралы арызданған.

Аталған қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 және 27 жастағы күдіктілер қолға түсті. Олардан жауап алу барысында жоғарыда аталған қылмысты жасағандықтары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру