Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сегіз жылға жүргізуші құқығынан айырылды

Екібастұз қаласының тұрғыны медициналық куәландырудан өтуге бас тартқаны үшін сегіз жылға жүргізуші құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік аумақты, көшеде патрульдеу кезінде Әуезов көшесі бойынша Екібастұз қалалық полиция бөлімшесі қызметкерлері “Фольксваген” көлігін басқарған 28 жастағы жүргізушіні ұстады.


Кеншілер қаласы тұрғынының әрекеті тәртіп сақшылары арасында күдік тудырды, есірткіге мас болу белгілері пайда болды. Ол сауалнамадан бас тартты.

Ер адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 476-баптың 9-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ескерту жасалды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік материал жасалды – ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің, көлік құралын жүргізетін адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) есірткілік мас күйін тексерудің белгіленген тәртібіне сәйкес заңды талабын орындамауы.


Сот құқық бұзушыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, сегіз жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды. Көлік Екібастұздағы мамандандырылған автотұраққа қойылды.


Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары режимді бұзудың және төтенше жағдай жариялауға байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптардың орындалмауының 1099 фактісін анықтады.


Бұзушылар ҚР ӘҚБтК 476 және 478-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Соттармен 102 адамға әрқайсысы 5-тен 10 күнге дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды, 202 тұрғынға әрқайсысына 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, 632 адамға ескерту берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру