Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бес қабатты үйден өрт шықты

Екібастұз қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, тілсіз жау 40 шаршы метр аумақты шарпыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35-үй мекен жайындағы өрт туралы хабар 2 сәуір күні таңертеңгісін түскен.

Оқиға орнына екі автоцистернамен №2 МӨБ-ің кезекші ауысымының бір бөлімшесі мен №6 өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөлімі жөнелтілді.

Оқиға орнына жеткен сөндірушілер бес қабатты үйдің екінші қабатында балконның терезе жақтаулары мен қоқыс жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын балконнан бірінші қабаттағы “Малибу” дүкенінің шатырына ауысқан. Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метрді құрады.

Арнайы газ-түтін қорғанысы қызметінің мамандары барлау жасап, дүкеннің ас бөлмесінде оттегі балондарын тапты. Өрт сөндірушілер әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр екі балонды сыртқа шығарды. Осылайша, МӨСБ-ің аға инженері Дидар Түсіпов бастаған өрт құтқарушылары жарылыстың алдын алып, өрттің таралуына жол бермеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру