Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаңыз!

Түркістан облысы Отырар ауданының полицейлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері төтенше жағдайға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шәуілдір ауылында өткен рейд кезінде адам көп жиналатын орындарда жасалатын санитарлық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етпеген дүкен анықталды. Аталған жайт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағымен тіркеліп, дүкен сатушысы  аудандық соттың шешімімен үш тәулікке қамаққа алынды.​​​​

Оған қоса ауылдың орталығында орналасқан тағы бір дүкеннің, санитарлық-дезинфекциялау жұмыстарын жүргізбегені белгілі болды. Аталған құқықбұзушы 476-бап бойынша кінәлі деп танылып, екі тәулікке қамауға алынды.​​​​​​​​​​Полицейлер мен СЭҚ-нің қызметкерлері жүргізген рейд барысында дүкендерден бөлек, адам көп шоғырланатын моншалар да тексерілді. Аталмыш іс-шара барысында дезинфекциялау жұмыстарын жасамаған моншаның тазалықшысы аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, үш тәулікке қамауға алынды.​​​​​​

Халыққа қызмет көрсететін кәсіпкерлер, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бекітілген қауіпсіздік шараларын жасап отырыңыздар.

Белгіленген уақыт бойынша жұмыс жасап, тыйым салынған жағдайларды басты назарға алыңыздар. Сіз бен біздің денсаулығымыз үшін барынша сақ болайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру