Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде «Есептегі тұлға» республикалық ЖПІШ өтіп жатыр

Қылмыстық жағдайды сауықтыру, ІІО есебінде тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылғы 15-25 мамыр аралығында Семей қаласының аумағында «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс – шараның негізгі мақсаты – ІІО-да есепте тұрған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ алкогольдік мас күйде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ЖПІШ барысында облыстық соттарға жаза мерзімін ұзарту және бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы ұсынымдар жолдау бойынша жазасын өтеуден жалтарған сотталғандармен жұмыс істеуге, қылмыстық құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтау немесе қайталап анықтау, шаруа қожалықтарын, қыстауларды, оларда еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдарды тексеру, іздеуде жүргендерді тізім бойынша, қайталама құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдар туралы жан-жақты ақпарат жинау тұрғысынан ерекше назар аударылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру