Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғынға жоқ көмірді сатқан қарағандылыққа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Астаналық тұрғынға жоқ көмірді сатқан қарағандылыққа қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Астанада кәсіпкер әйелді алдаған Қарағанды тұрғынын анықтады. Ол 34 жастағы ер адам болып шықты.

Полицияға қала тұрғыны арызбен жүгініп, көмір сатушымен кездескеннен кейін ол 3,6 млн теңгесінен айырылып қалғанын хабарлаған. Ер адам көмірді жеткізіп беруге уәде берген. Ал әйел сатпақшы болған.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция атап өткендей, аталған баптың санкциясы бас бостандығын үш жылдан жеті жылға дейін шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу түрінде жазаны қарастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру