Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны ауылдасының көлігін өртеп жіберген

Түркістан облысының тұрғыны ауылдасының көлігін өртеп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ауылдасы күндізгі уақытта үйінің алдында тұрған ВАЗ автокөлігін заңсыз айдап кетіп, артынан өртеп жіберген. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге.

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 200-бабы (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқықтыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары болған оқиғаны “ізін суытпай” ашу мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полицияға жеткізілді. Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам жәбірленушімен бұрын араздасып қалғаны есіне түсіп, мас халде оның автокөлігін ұрлап кетіп, зақым келтірген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру