Семейде ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футбол турнирі өтті
Семейде ҚАЖ қызметкерлері арасында шағын футбол турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласының пробация қызметкерлері әріптестерін құрметті демалысқа шығарып салуына арнап, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесі ұйымдастырған шағын-футбол турниріне қатысты. Спорттық жарыстарға барлығы жеті команда қатысты, олардың ішінде: Семей қаласының пробация қызметкерлері, ОВ-156/14, ОВ-156/15, ОВ-156/16 мекемелерінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының қызметкерлері.
- Командалар арасындағы ойын тартыс нәтижесінде, ОВ-156/14 мекемесінің командасы жеңіске жетті, екінші орынды Семей қалалық пробация қызметінің командасы алды, үшінші орынды ҚР Ұлттық ұланы иеленді. Жеңімпаздар кубокпен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, сондай-ақ түрлі номинациялар бойынша үздік ойыншылар марапатталды, – деді Эрик Усербаев.